Мемлекеттік қызметті алу кезінде күтпеген қиындықтар туып, белгілі бір қызметтің көрсетілуі бейнетке айналып кететін жағдайлар болады. Солардың бірі — қандай да бір құжаттың телнұсқасын сұрату. Құжаттарды сұрату — мемлекеттік органдардың біреуі бұрын берген құжаттың телнұсқаларын алу процедурасы. Ондай қызметке деген қажеттілік түрлі себептерге, мысалы, сұралған құжат бүлінген не жоғалған кезде туындауы мүмкін.
«МегаТекст» аударма бюроларының қалалық желісі өз клиенттеріне осы мәселені шешуде өз көмегін ұсынып, Алматы, Астана және Қазақстан Республикасының өзге де әкімшілік орталықтарының ресми органдарынан құжаттардың телнұсқаларын алу ісінде қол ұшын беруге дайын.
Қазақстан Республикасының аумағында сұратуға болатын жеке құжаттар:
Ондай қызмет керек болса, «МегаТекст» кеңселерінің біреуіне келуіңізге, шетелде жүргеннің өзінде, менеджерлермен электрондық пошта арқылы хабарласуыңызға болады. Ал біз дайын тапсырысты әлемнің кез келген бұрышына жеткізіп береміз.
Телнұсқаны алу үшін бар болғаны:
«МегаТекст» аударма бюролары қалалық желісінің барлық кеңселері нотариат кеңселерінің жанында жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз. Кеңсе қызметкерлері тез арада сенімхатты жазып, куәландырып береді.
Маңызды!
Барлық құжаттар орыс немесе қазақ тілінде ұсынылуы керек. Басқа тілдер үшін нотариаттық түрде куәландырылған аударма қажет болады. Біздің аударма бюросында ондай қызметке де тапсырыс бере аласыз.
Толығырақ ақпаратты +7 (727) 378-02-87, +7 (727) 272-11-85 телефондары арқылы «МегаТекст» кеңселеріне хабарласып, info@megatext.kz электрондық поштасына хат жолдап немесе сайттағы онлайн кеңесшіден сұрап білуіңізге болады.
«МегаТекст» аударма бюросы
Әл-Фараби даңғылы, 15, Желтоқсан көш. қиылысы, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы, 4В корпусы, 16-қабат, 1606 офисі
| Письменный перевод | Устный перевод | Нотариально заверенный перевод | Апостиль и легализация | Нотариальные услуги | Юридические услуги | Статьи |