• Ru
  • Kz
қалалық аудару желісі Aудару растау ресмилендіру

+7 (777) 220-39-36 
info@megatext.kz

Заказать обратный звонок WhatsApp
×
Жазбаша аударма

Экономикалық тақырыптағы аударма

МегаТекст компаниясының қызметінің өзге бағыттарының арасында экономикалық мәтіндердің аудармалары да ерекше орын алады. Компания экономикалық және қаржылық тақырыптағы әр түрлі құжаттарды аударуға мамандандырылатын кәсіпқойлардың тобын құрды. Бұл мамандар тобы - МегаТекст компаниясының ең бағалы ресурстарының бірі. Өйткені, экономикалық мәтіндердің жоғары сапалы аудармаларын жасау - тек ерекше жатықтығы және дәл солай салада тәжірибесі бар адамдар ғана шеше алатын мәселе. Қаржылық пен экономикалық құжаттарды аудару үшін дәл терминдерді таңдауға ерекше ұқыптылық және егжей-тегжейлер, цифрлер және жеке сөздерге көңіл бөлушілік талап етіледі, өйткені олардың дұрыс аудармасы немесе аударманың жоқтығы бүкіл құжаттың маңызы мен мазмұнына әсер етіп өзгертуі мүмкін.

МегаТекст компаниясы экономикалық құжаттарды аударуға тек тиісті білімі, біліктілігі және тәжірибесі бар мамандарды тартады. Біздің аудармашыларымыздың төмендегі құжаттарды аударуда тәжірибесі бар:

- бухгалтерлік есептемелер;
- аудиторлық қорытындылар;
- шот-фактуралар, оферталар;
- жылдық қаржылық есептемелер;
- несие беруге өтінімдер;
- техникалық-экономикалық негіздемелер;
- тендерге арналған құжаттамалар;
- бизнес-жоспарлар;
- маркетингілік зерттеулер, экономикалық статистикалық деректер.

Тізбеде көрсетілмеген құжаттармен жұмыс жасауда тәжірибеміздің қандай екенін анықтау және аударма жасаудың бағалары мен мерзімдерін есептеу үшін Сіз біздің менеджерлерімізбен +7 (727) 311-53-46 телефоны арқылы байланыса немесе өз өтініміңізді сайтымыздағы «Тапсырыс жіберу» нысаны арқылы жібере аласыз.

Тапсырыс жасау

Сізге жауабымызды жолдау үшін өз байланыс деректеріңіз бен аты-жөніңізді міндетті түрде жазып көрсетіңіз.

Атыңыз *
Мекемеңіз
Электрондық пошта адресі *
Телефон *
Сауалыңыз *
Файлды бекіту

«МегаТекст» аударма бюросы
Әл-Фараби даңғылы, 15, Желтоқсан көш. қиылысы, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы, 4В корпусы, 16-қабат, 1606 офисі       
 

создание сайтаWebprofy.ru
WhatsApp