Жазбаша аударма

Жазбаша аударма

 

Жазбаша аударма – аса талап етілген қызметтердің бірі. Өйткені, бүгін практикалық түрде кез-келген ақпарат жазбаша (басылған) құжатқа енгізіліп тұрады.


Ойланыңызшы, күн сайын Сіздің айналаңызда қанша құжаттама бар екен? Бұл әрі жеке, әрі коммерциялық құжаттар, көркем әдебиет, басқа да көптеген нәрселер. Дәл аудармашы жазбаша аударманы ағылшын тілінен және ағылшын тіліне жасап ғылыми және ресми іскерлік аударманы қамтамасыз етіп тиісті ақпаратты жеткізуге көмектеседі. Ал егер Сіз шетелге емделуге немесе жұмыс істеуге бара жатсаңыз? Бұл жағдайда құжаттарыңыздың медициналық немесе заңи аудармалары өте қажет болып тұр.

Сондықтан, егер Сізге:

заңи аударма (коммерциялық аударма),
медициналық аударма,
ғылыми және ғылыми-техникалық аударма,
құжаттардың заңи аудармасы,
жеке құжаттаманың аудармасы

керек болса,

... Сіз дұрыс жерге келдіңіз.

«МегаТекст» аударма бюросы кез-келген қос тілдегі жазбаша аудармаларды ұсынады. Ағылшын, испан, итальян, неміс және қытай тілдерінен және осы тілдерге жазбаша аудармалар – бұл біз аудара алатын тілдердің тек кейбірлері ғана.  Әлбетте, біз қазақ тілінен және қазақ тіліне жазбаша аудармалар ұсынамыз.  

Біздің аударма бюромыздың жасаған жазбаша аудармалары – бұл тек қана жоғары сапа, қысқа мерзімдер және кәсіпқойлық. Кез-келген жазбаша аударма соңғы нүкте мен үтіріне дейін тексеріледі.  

БІЗ «ЖАЗБАША АУДАРМА» ҚЫЗМЕТІН ҰСЫНУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСТЫ ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРАМЫЗ?

Ең алдымен керекті жазбаша аударманың деңгейін анықтау керек. Мысалы, егер Сізге ағылшын тілінен кәдімгі жазбаша аударма керек болса (ақпаратпен танысу немесе нұсқаулықты оқып шығу үшін), әдетінше оның ешқандай ерекше әдеби редакциялауы керек жоқ. Тек мәтінмен танысу үшін көбірек төлеудің қажеті не? Жазбаша аударма Сізге сол мүмкіндікті ұсынады.

Ал егер Сізге құжаттардың ресми-іскерлік, коммерциялық немесе заңи аудармасы керек болса, кәсіпқой редакторлар мен корректорлардың жұмысы міндетті түрде керек болады.

Соған қоса, әр жазбаша аударманы тек сол тақырыпта мамандандырылған білікті аудармашы ғана жасайды. Яғни, егер Сізге медициналық аударма керек болса, оны тек медициналық терминологияны игеретін аудармашы ғана жасайды. Егер Сізге ғылыми-техникалық аударма керек болса, оны техникалық білімі бар маман жасайды. Бұл тәсілдеме кәсіптік терминологияға байланысты дәлсіздіктердің пайда болуына жол бермейді.

Маңыздысы, құжаттардың заңи аудармасын әрқашанда заңи білімі бар редакторлар тексеріп тұрады. Бұл аударманы арі қарай пайдаланғанда проблемалардың пайда болуына мүмкіндік бермейді.  

 

ЖАЗБАША АУДАРМАНЫҢ БАҒАСЫН АНЫҚТАУ

Жазбаша аударманың бағасы төмендегі бірнеше параметрдің жиынтығына байланысты:

• мәтіннің көлемі мен структурасы

Егер Сізге тек мәтіннің жазбаша аудармасы ғана (мысалы, іскерлік немесе көркем аударма) керек болса, оның бағасының суреті, схемасы, сызбасы және тағы басқа элементтері бар ғылыми-техникалық аударманың бағасынан айырмашылығы болады.  

• аударманың тілі

Жазбаша аударманың бағасы аудармашының қандай қос тілмен жұмыс істеуге тура келетіндігіне де байланысты. Мұнда негізінде тілдің таралғандығы маңызды. Мысалы, ағылшын тілінен жазбаша аударма қытай тілінен аудармадан арзанырақ болады.

• мәтіннің тақырыбы

Ғылыми, іскерлік, медициналық және коммерциялық аударма – осы аудармалардың әрқайсысы жоғары деңгейдегі және айрықшалықты білімі бар аудармашы маманды тартуды талап етеді. Бұл да жазбаша аударманың бағасына әсер етеді.

• мерзімділік

Кез-келген жұмыс, әсіресе жазбаша аударма аса мұқият тәсілдемені талап етеді. «МегаТекст» аударма бюросы жазбаша аударманы қысқа уақытта жасауға дайын. Жұмыстың ақырғы бағасы аударманы қай уақытқа дейін жасау керек екендігіне байланысты.   

Кез-келген жағдайда, егер Сізге жазбаша аударма керек болса (құжаттардың ресми іскерлік, заңи және тағы басқа аудармасы болса да), біздің аударма бюромыз оны ең жоғары деңгейде жасайды. Сізге тек қана өтінім жіберу керек.

Соған қоса, біз тек тікелей жазбаша аударма ғана емес, керек болған жағдайда, құжаттарды нотариалдық түрде растап заңдастырамыз. Біздің аударма бюромызға келсеңіз қызметтердің толық жиынтығын ала аласыз.

 

Тапсырыс жасау

Сізге жауабымызды жолдау үшін өз байланыс деректеріңіз бен аты-жөніңізді міндетті түрде жазып көрсетіңіз.

Атыңыз *
Мекемеңіз
Электрондық пошта адресі *
Телефон *
Сауалыңыз *
Файлды бекіту
Суреттегі мәтінді жазыңыз

«МегаТекст» аударма бюросы
Әл-Фараби даңғылы, 15, Желтоқсан көш. қиылысы, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы, 4В корпусы, 17-қабат, 1704 офисі      

| Письменный перевод | Устный перевод | Нотариально заверенный перевод | Апостиль и легализация | Нотариальные услуги | Юридические услуги | Статьи |

создание сайтаWebprofy.ru