Нотариалды түрде расталған аударма

Нотариалды түрде расталған аударма

 Құжаттың аудармасы оның заңды күші болу үшін нотариалды түрде расталады. Құжаттың аудармасын нотариалдық растау – бұл апостильдеу және заңдастыру алдындағы рәсім. Яғни, құжаттардың шетелде ақпарат рас көзі ретінде танылуы үшін, сол құжаттарды аударып нотариалды түрде растаған соң оларды заңдастыру керек. 

Сол үшін уақыт пен күш керек. Солай емес пе?

Соңдай-ақ, құжаттар бір жерде аударылып басқа жерде нотариалды түрде расталғанда Сізге жоғары сапаға кепілдік берілмейді. Яғни, Сіз әуелі құжатыңызды аударуға аудармашыға сеніп тапсырасыз да, содан кейін оны кез-келген нотариалды кеңсе нотариалды түрде растай алады. Бірақ, өкінішке орай, шетел тілін білетін жеке нотариустар саны өте аз. Олар аударманың растығын емес, аудармашының қолын растайды екен. Яғни, қателер анықталса барлық жұмысты ең басынан жасауға тура келеді.

Егер Сіз біздің аударма бюромызға келсеңіз Сіздің уақытыңыз үнемделеді. Өйткені, біз құжаттың нотариалды түрдегі аудармаларын ең қысқа мерзімде және барлық талаптарға сәйкестікте жасаймыз. Себебі, барлық мамандарымыз – аудармашы мен нотариус – бір жерде жұмыс жасайды.  

Соған қоса, Сіз жоғары сапалы қызмет аласыз. Өйткені құжаттарды жоғары дәрежедегі мамандар аударып растайды. Біз аударманың растығы мен толықтығы үшін жауаптымыз және біздің жұмысты қайта жасауға тура келмейтіндігімізге кепілдік береміз.  

ҚҰЖАТАРДЫ АУДАРУ ЖӘНЕ НОТАРИАЛДЫ ТҮРДЕ РАСТАУДЫҢ БАҒАСЫ

Құжаттарды аударып нотариалды түрде растаудың қорытынды бағасы нотариустың қызметі және аудармашының қызметінен тұрады. Аударманың бағасы мәтіннің көлемі мен күрделілігіне, ал нотариалды растаудың бағасы растауға жататын аудармалардың саны мен түріне байланысты. Қандай жағдай болса да, құжаттарды аудару және нотариалды түрде растау Сіздің ақшаңызды үнемдейді. Өйткені, бұл кешенді қызмет.

«МегаТекст» аударма бюросы құжатыңызды барынша нақты және тез түрде  аударып растайды. Егер аударма ерекше білім талап ететін болса оны арнайы салада мамандандырылған аудармашы жасайды. Дәл осы себеппен біздің компаниямыздың құжаттардың нотариалды аудармасы – бұл ең жоғары деңгейдегі сапа. Сіз аударма және нотариалды растаудың кемшіліксіз түрде болатындығына сене аласыз.

Сіз құжаттарыңызды нотариалды түрде аударуға тапсырыс беріп немесе нотариустың қызметтері туралы ақпаратты Сізге ыңғайлы тәсілмен ала аласыз: телефон соғыңыз немесе сайтымыздан өтінім жіберіңіз. Біз Сізге барынша тез түрде жауап береміз.

 

Тапсырыс жасау

Сізге жауабымызды жолдау үшін өз байланыс деректеріңіз бен аты-жөніңізді міндетті түрде жазып көрсетіңіз.

Атыңыз *
Мекемеңіз
Электрондық пошта адресі *
Телефон *
Сауалыңыз *
Файлды бекіту
Суреттегі мәтінді жазыңыз

«МегаТекст» аударма бюросы
Әл-Фараби даңғылы, 15, Желтоқсан көш. қиылысы, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы, 4В корпусы, 17-қабат, 1704 офисі      

| Письменный перевод | Устный перевод | Нотариально заверенный перевод | Апостиль и легализация | Нотариальные услуги | Юридические услуги | Статьи |

создание сайтаWebprofy.ru