• Ru
  • Kz
Aудару растау ресмилендіру қалалық аудару желісі

+7 (727) 311-53-46
info@megatext.kz

Заказать обратный звонок
×
Қызметтер

Заңдастыру

Заңдастыру — бұл құжатқа қол қойған өкілетті тұлға қолтаңбасының, сондай-ақ құжатқа басылған мөрдің шынайылығын растау процесі. Құжатқа «Гаага конвенциясына» мүше емес мемлекеттерде қолдануға жарайтын заңдық күш беру үшін оны заңдастыру қажет. Яғни құжаттарды қабылдайтын елде апостильдің заңдық күші болмайтын жағдайларда заңдастыру жасалады.

Бірнеше сатыдан тұратындықтан, заңдастыру күрделі әрі ұзақ процедура болып табылады. Өз бетіңізше бұл процедурадан тез өту біршама қиындық туғызады, сондықтан осы қызметті көрсетуде көмекші ретінде біздің аударма бюромызға назар аударуды ұсынамыз. Біз құжаттарды куәландыруға байланысты барлық жұмысты өз мойнымызға алып, заңдастыру процедурасын барынша жылдам әрі сапалы орындап береміз.

Ондай процедураның екі түрі бар: ҚР СІМ арқылы жасалған заңдастыру мен консулдық заңдастыру. Екі түрлі заңдастыру кезінде алынған құжаттардың заңдық күштері де әртүрлі болатынын атап өткен жөн, сондықтан құжаттарды сұраған өкілетті органнан сізге қай заңдастыру түрі қажет екенін анықтап алу қажет.

Рәсімдеу үшін келесі құжаттар қажет:

  • • құжат түпнұсқасы;
  • • құжаттың нотариус растаған көшірмесі;
  • • сенімхат (нотариус немесе консул толтырған; үлгісін біздің менеджерлерден алуға болады);
  • • жеке басты куәландыратын құжаттың нотариус растаған көшірмесі.

Білім туралы құжаттарды заңдастыру үшін қосымша мына құжаттар қажет болады:

  • • мұрағат анықтамасы (дипломға апостиль қою үшін);
  • • қала/облыс бойынша білім басқармасының растамасы (аттестатқа апостиль қою үшін).

Алматы қ. білім басқармасы: +7 (727) 271-65-09

Алматы облысы бойынша білім басқармасы: +7 (7282) 27-38-45

Заңдастыруды жасау мерзімі 10 күнді құрайды.

Маңызды!
Барлық құжаттар орыс немесе қазақ тілінде ұсынылуы керек. Басқа тілдер үшін нотариаттық түрде куәландырылған аударма қажет болады. Біздің аударма бюросында ондай қызметке де тапсырыс бере аласыз.

Заңдастыру қызметі керек болса, «МегаТекст» кеңселерінің біреуіне келуіңізге, шетелде жүргеннің өзінде, менеджерлермен электрондық пошта арқылы хабарласуыңызға болады. Ал біз дайын тапсырысты әлемнің кез келген бұрышына жеткізіп береміз.

Толығырақ ақпаратты +7 (727) 378-02-87, +7 (727) 272-11-85 телефондары арқылы «МегаТекст» кеңселеріне хабарласып, info@megatext.kz электрондық поштасына хат жолдап немесе сайттағы онлайн кеңесшіден сұрап білуіңізге болады.

Тапсырыс жасау

Сізге жауабымызды жолдау үшін өз байланыс деректеріңіз бен аты-жөніңізді міндетті түрде жазып көрсетіңіз.

Атыңыз *
Мекемеңіз
Электрондық пошта адресі *
Телефон *
Сауалыңыз *
Файлды бекіту


«МегаТекст» аударма бюросы
Әл-Фараби даңғылы, 15, Желтоқсан көш. қиылысы, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы, 4В корпусы, 17-қабат, 1704 офисі       
 

| Письменный перевод | Устный перевод | Нотариально заверенный перевод | Апостиль и легализация | Нотариальные услуги | Юридические услуги | Статьи |

создание сайтаWebprofy.ru