• Ru
  • Kz
Aудару растау ресмилендіру қалалық аудару желісі

+7 (727) 311-53-46
info@megatext.kz

Заказать обратный звонок
×
Қызметтер

Нострификация

Нострификация — бұл дипломды заңдастыру процесі, соңында мемлекет оның жарамдылығын және сол елдің дипломдарына парапарлығын мойындайды. Бұл процедураны тек дипломға емес, сонымен қатар аттестатқа қолдануға болады.

Процедура нәтижесінде Қазақстан Республикасынан тыс алынған білім туралы құжаттың иесі елдегі білім беру мекемелерінен алынған білім туралы құжаттардың иеленушілерімен бірдей кәсіби және/немесе академиялық құқықтарға ие болады.

Рәсімдеу үшін келесі құжаттар керек:

  • • құжат түпнұсқасы;
  • • құжат түпнұсқасының нотариус растаған көшірмесі;
  • • сенімхат (нотариус немесе консул толтырған; үлгісін біздің менеджерлерден алуға болады);
  • • мұрағат анықтамасы;
  • • білім беру мекемесінің мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің көшірмесі;
  • • жеке басты куәландыратын құжаттың нотариус растаған көшірмесі.

Нострификацияланған диплом немесе аттестат алу мерзімі 4-6 айды құрайды. Өтініш берілгеннен кейін 10 күннің ішінде құжаттардың нострификацияға өткізілгені туралы анықтама беріледі.

Маңызды!
Барлық құжаттар орыс немесе қазақ тілінде ұсынылуы керек. Басқа тілдер үшін нотариаттық түрде куәландырылған аударма қажет болады. Біздің аударма бюросында ондай қызметке де тапсырыс бере аласыз.

Нострификация қызметі керек болса, «МегаТекст» кеңселерінің біреуіне келуіңізге, шетелде жүргеннің өзінде, менеджерлермен электрондық пошта арқылы хабарласуыңызға болады. Ал біз дайын тапсырысты әлемнің кез келген бұрышына жеткізіп береміз.

Толығырақ ақпаратты +7 (727) 378-02-87, +7 (727) 272-11-85 телефондары арқылы «МегаТекст» кеңселеріне хабарласып, info@megatext.kz электрондық поштасына хат жолдап немесе сайттағы онлайн кеңесшіден сұрап білуіңізге болады.

Тапсырыс жасау

Сізге жауабымызды жолдау үшін өз байланыс деректеріңіз бен аты-жөніңізді міндетті түрде жазып көрсетіңіз.

Атыңыз *
Мекемеңіз
Электрондық пошта адресі *
Телефон *
Сауалыңыз *
Файлды бекіту


«МегаТекст» аударма бюросы
Әл-Фараби даңғылы, 15, Желтоқсан көш. қиылысы, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы, 4В корпусы, 17-қабат, 1704 офисі       
 

| Письменный перевод | Устный перевод | Нотариально заверенный перевод | Апостиль и легализация | Нотариальные услуги | Юридические услуги | Статьи |

создание сайтаWebprofy.ru