WhatsApp
  • Ru
  • Kz
Aудару растау ресмилендіру қалалық аудару желісі

+7 (727) 311-53-46
info@megatext.kz

Заказать обратный звонок WhatsApp
×
Қызметтер

Апостиль

Апостиль — бұл құжатқа қол қойған өкілетті тұлға қолтаңбасының, сондай-ақ құжатқа басылған мөрдің шынайылығын растайтын арнайы мөртаңба. Апостиль «1961 ж. 5 қазандағы шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабынан бас тартатын Гаага конвенциясына» қол қойған мемлекеттердің аумағында пайдалануға арналған.

Әділет департаменті, Жоғарғы сот, Әділет министрлігі, Білім министрлігі, Қаржы министрлігі және т.б. сияқты мемлекеттік органдар берген көптеген құжаттарға апостиль қойылуы керек. Құжатты басқа орган берсе немесе түпнұсқаға апостиль қою мүмкін болмаса, апостильді құжаттың нотариус растаған көшірмесіне қоюға болады.

Құжаттарға апостиль қоюдың бірнеше түрі бар. «Апостиль» мөртаңбасын мына құжаттарға қоюға болады:

  • • құжат түпнұсқасына;
  • • құжаттың нотариус растаған көшірмесіне;
  • • құжаттың нотариус растаған аудармасына.

Алайда, жоғарыда айтылған апостиль қою әдістері құжатқа әртүрлі заңдық күш береді. Сізге апостиль қоюдың қай әдісі қажет екенін білу үшін оны талап еткен органға немесе құжат жіберілетін мемлекеттің елшілігіне хабарласу керек.

Рәсімдеу үшін келесі құжаттар қажет:

  • • құжат түпнұсқасы
  • • сенімхат (нотариус немесе консул толтырған; үлгісін біздің менеджерлерден алуға болады);
  • • жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі.

Білім туралы құжаттардың түпнұсқаларына апостиль қою қажет болса, қосымша мына құжаттар керек болады:

  • • мұрағат анықтамасы (дипломға апостиль қою үшін);
  • • қала/облыс бойынша білім басқармасының растамасы (аттестатқа апостиль қою үшін).

Алматы қ. білім басқармасы: +7 (727) 271-65-09

Алматы облысы бойынша білім басқармасы: +7 (7282) 27-38-45

«Апостиль» мөртаңбасын қою мерзімі құжат түріне байланысты 3-10 жұмыс күнін құрайды.

Маңызды!
Барлық құжаттар орыс немесе қазақ тілінде ұсынылуы керек. Басқа тілдер үшін нотариаттық түрде куәландырылған аударма қажет болады. Біздің аударма бюросында ондай қызметке де тапсырыс бере аласыз. «Апостиль» мөртаңбасын қою қызметі керек болса, «МегаТекст» кеңселерінің біреуіне келуіңізге, шетелде жүргеннің өзінде, менеджерлермен электрондық пошта арқылы хабарласуыңызға болады. Ал біз дайын тапсырысты әлемнің кез келген бұрышына жеткізіп береміз.

Толығырақ ақпаратты +7 (727) 378-02-87, +7 (727) 272-11-85 телефондары арқылы «МегаТекст» кеңселеріне хабарласып, info@megatext.kz электрондық поштасына хат жолдап немесе сайттағы онлайн кеңесшіден сұрап білуіңізге болады.

Тапсырыс жасау

Сізге жауабымызды жолдау үшін өз байланыс деректеріңіз бен аты-жөніңізді міндетті түрде жазып көрсетіңіз.

Атыңыз *
Мекемеңіз
Электрондық пошта адресі *
Телефон *
Сауалыңыз *
Файлды бекіту


«МегаТекст» аударма бюросы
Әл-Фараби даңғылы, 15, Желтоқсан көш. қиылысы, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы, 4В корпусы, 17-қабат, 1704 офисі       
 

| Письменный перевод | Устный перевод | Нотариально заверенный перевод | Апостиль и легализация | Нотариальные услуги | Юридические услуги | Статьи |

создание сайтаWebprofy.ru