Құжаттардың апостилі, құжаттарды немесе дипломды заңдастыру

Құжаттардың апостилі, құжаттарды немесе дипломды заңдастыру

Соңғы уақытта әлемде ғаламдық интеграциялық процестердің жандануы байқалуда, соған байланысты барлық жерлерде халықтың көшіп-қонуы жүріп жатыр. Біреулері басқа елдерге жұмыс іздеп барса, екіншілері шетелдік білім алғысы келеді. Шетелге барған азаматтардың көбі өз құжаттарының заңдылығына байланысты қиындықтарға тап болады. Бұған жол бермеу үшін құжаттарды заңдастыру керек.

Заңдастыру процедурасын екі жолмен іске асыруға болады.

Бірінші жағдайда құжат түпнұсқасы көшірмесінің шынайылығын растау үшін алдымен нотариусқа барып, содан кейін аудармаға өткізіп, аударманы растау үшін қайтадан нотариусқа жүгіну керек. Құжаттың аудармасы мен растамасы дайын болғанда, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне сұрау жасалады. СІМ сұрауыңызды мақұлдаған жағдайда, құжаттарды заңдастыруға қайта тапсыру мақсатында шетел консулдығына бару үшін жазылу керек болады. Бұл — ең қиын әрі уақытты көп алатын процесс.

Бірақ шетелде құжатқа заңдық күш берудің екінші әдісі де бар. 1961 жылы «1961 жылғы 5 қазандағы шетелдің ресми құжаттарын заңдастыру талабынан бас тартатын Гаага конвенциясына» қол қойылып, онда қатысушы елдер әр мемлекет аумағында берілген және келісім жасаушы басқа мемлекеттің аумағында берілуге тиісті құжаттарды заңдастыру талаптарынан бас тарту туралы ұсыныс жасады. Солай қатысушы елдерге жеңілдетілген заңдастыру процедурасынан өту құқығы беріліп, құжаттарға арнайы «апостиль» мөртабаны қойылатын болды. Апостиль қойылған құжаттар конвенцияға қатысушы елдің аумағында толық заңдық күшке ие болады.

Шетелдік маман немесе Қазақстан Республикасынан тыс жердегі мекемеде білім алған тұлға жұмысқа тұруы үшін диплом немесе білім туралы кез келген басқа құжаттың нострификациясы қажет болады. Қазақстан Республикасында нострификация — шетелде білім алған және еліміздің аумағында оқығысы немесе жұмыс істегісі келетін барлық азаматтар үшін міндетті талап. Парапарлығын мойындау процесі алынған білім туралы құжаттың заңдылығын, ел стандарттарына сәйкестігін тексеру және ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешім қабылдау процестерінен тұрады.

Құжаттардың нострификациясы заңдастырудың ең қиын түрлерінің бірі болып табылады. Оны іске асыруда «МегаТекст» аудармалар бюросы көмекке келеді. Жеке құжаттарды аудару, апостиль қою немесе заңдастыру, нотариус растаған аударма сияқты барлық ілеспе процедураларды да орындап береміз.

Толығырақ ақпаратты +7 (727) 378-02-87, +7 (727) 272-11-85 телефондары арқылы «МегаТекст» кеңселеріне хабарласып, info@megatext.kz электрондық поштасына хат жолдап немесе сайттағы онлайн кеңесшіден сұрап білуіңізге болады.

Тапсырыс жасау

Сізге жауабымызды жолдау үшін өз байланыс деректеріңіз бен аты-жөніңізді міндетті түрде жазып көрсетіңіз.

Атыңыз *
Мекемеңіз
Электрондық пошта адресі *
Телефон *
Сауалыңыз *
Файлды бекіту
Суреттегі мәтінді жазыңыз

| Письменный перевод | Устный перевод | Нотариально заверенный перевод | Апостиль и легализация | Нотариальные услуги | Юридические услуги | Статьи |

создание сайтаWebprofy.ru