Компания туралы

Аудармалардың тақырыптары

Ағылшын тілінен жасалатын аудармалар үшін де біршама білім мен біліктілік қажет екендігімен келісетін шығарсыз? Газеттердегі ағылшынша мақалаларды аудару үшін кейде жалпы тіл білімі жеткілікті болады, алайда ағылшын тіліндегі келісімшарттарды аудару үшін сол тақырыпта ауқымды білімі бар жоғары дәрежелі маман қажет.
Ағылшын, қытай, испан және неміс сияқты кез келген тілдерден жасалатын аудармалар үшін МегаТекст аударма бюролары тек кәсіби аудармашыларды тартады. Сондықтан, ағылшын тіліндегі техникалық мәтіннің немесе неміс тіліндегі заң мәтінінің аудармасын тек арнайы мамандандырылған, тек сол салаларда қосымша білімі мен біліктілігі бар аудармашылар жасайтынына сенімді болуыңызға әбден болады.
Мұндай әдіс алуан түрлі тақырыптағы мәтіндерді әлемнің әр түрлі тілдеріне кәсіби аудару қызметтерін ұсынуға және оларды сапалы орындауға мүмкіндік береді. Сондықтан, тіпті ағылшын тілінен аударуға берілетін экономикалық мәтіндерді немесе орыс тілінен қазақ тіліне аударуға берілетін ең қиын тақырыптардағы мәтіндерді қуана қабылдап, жылдам әрі сапалы нәтиже көрсетуге дайынбыз.
Ағылшын тілі ең жиі қолданылатын тіл деп танылғандықтан, құжаттардың ағылшынша аудармасы қажет болғанда, әр алуан тақырыптар кездесетіндігі күмәнсіз. Ағылшын тілінен техникалық құжаттарды аудару, заң мәтіндерін аудару, коммерциялық құжаттарды ағылшын тіліне аудару — шетелдік компаниямен әріптестік орнатып жатқан кәсіпкерге осының барлығы қажет болуы мүмкін. Сондықтан, халықаралық нарыққа шығуды жоспарласаңыз және сізге шұғыл түрде келісімшарттарды ағылшын тіліне аудару, келіссөздер жүргізгенде ағылшын тілінен орыс тіліне сапалы ілеспе аударма өте қажет болса, бізге хабарласыңыз. Сізге қалай көмектесу қажеттігін біз білеміз.

 

БІЗ КЕЗ КЕЛГЕН ТАПСЫРЫСҚА ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛЕМІЗ

Тек бір беттік құжатты орыс тіліне аудару басқа бюроларды қызықтырмаған немесе орыс тіліне аударатын мәтіндер үш беттен кем болмауы керектігін (өйткені, олар үшін одан азы оларға тиімсіз) ескерткен жағдайларға тап болған шығарсыз?

Біздің клиентке деген көзқарасымыз мүлдем басқа. Орыс тіліне бірнеше сағатқа немесе бірнеше күнге ауызша аударма жасау, неміс тілінен екі абзацты аудару немесе ағылшын тілінен толық техникалық нұсқаулықты аудару қажет болса да, біз сіздің тапсырысыңызға ерекше ынтамен және барынша жылдам орындауға кірісеміз.
Бізбен жұмыс істейтініңіз туралы дереу шешім қабылдап, жұмыстың құнын алдын ала есептеу үшін бізге қоңырау шалсаңыз немесе сайттан дәл қазір тапсырыс жасасаңыз жеткілікті.

Сұрақтарыңыз болса, менеджерлерімізге мына телефон нөмірлері мен эл. пошта арқылы қоюға: +7 (727) 311-53-46, +7 (727) 378-02-87, +7 (727) 272-11-85, info@megatext.kz, не болмаса сайтымыздағы онлайн кеңесшінің көмегіне жүгінуге болады.

Тапсырыс жасау

Сізге жауабымызды жолдау үшін өз байланыс деректеріңіз бен аты-жөніңізді міндетті түрде жазып көрсетіңіз.

Атыңыз *
Мекемеңіз
Электрондық пошта адресі *
Телефон *
Сауалыңыз *
Файлды бекіту
Суреттегі мәтінді жазыңыз



«МегаТекст» аударма бюросы
Әл-Фараби даңғылы, 15, Желтоқсан көш. қиылысы, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы, 4В корпусы, 17-қабат, 1704 офисі      

| Письменный перевод | Устный перевод | Нотариально заверенный перевод | Апостиль и легализация | Нотариальные услуги | Юридические услуги | Статьи |

создание сайтаWebprofy.ru